Жігіттердің 70%-ы болашақ əйелдері мұсылманша тəрбиеленгенін қалайды - сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жігіттердің 70%-ы болашақ əйелдері мұсылманша тəрбиеленгенін қалайды - сауалнама

Жігіттердің 70%-ы болашақ əйелдері мұсылманша тəрбиеленгенін қалайды - сауалнама

Алматы облысы мен  Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген сауалнамаға қатысқан жігіттердің 70%-ы болашақ жарым мұсылман тəрбиесін көрген қыз болса екен дегенді айтқан.

  • 16 Қазан 2015
  • 1032
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін қыз балалардың құқығын қорғау жəне дұрыс тəрбие беру мəселелері талқыланған дөңгелек үстел барысында  ҚР Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Əсия Хайруллина мəлім етті.

"Бүгін талқылайтын тағы бір мəселе — қыз балалардың ерте тұрмыс құруы жəне қыз алып қашу, яғни, мəжбүрлі неке мəселесі. Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы сауалнама жүргіздік,тұрғындардың көбі қыз алып қашу дəстүр екенін айтты. Ал, сауалнамаға қатысқан жас жігіттердің 70%-ы болашақта қазақы салт-дəстүрді білетін, мұсылман шарттарында тəрбиеленген бойжеткенге үйленгісі келетіндерін жеткізді",-дейді Ə.Хайруллина.

Алды-артын əлі танымаған қыз балаларды дұрыс тəрбиелеу тек ата-ананың ғана емес, тұтастай бір ұлттың міндеті екені анық. Ерте ме, кеш пе, кез келген қыз əке-шешесінің қолынан ұшып, жар алдындағы, ата-ене алдындағы міндетін орындауға кіріседі. Ə.Хайруллина атап өткендей, бір үйдің түтінін түтетіп, білімді де дені сау ұрпақ жалғастыру үшін қыз баланың ақыл тоқтатқаны абзал.

"Осы бағытта əрине насихатты күшейту керек.  Насихат жұмыстарына білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет жəне дін салаларының мамандары қатысуы керек. Осы ретте айта кетейін, біздің бағдарламаларға Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасы атсалысқан. Міне,  Діни басқарма да  шариғатта қыз балаға қандай құрмет көрсету керек екенін, қыздар мен əйелдерге зорлық көрсетудің жазасын, жəннат ананың аяғының астында екенін, қыз балалардың ақыл тоқтатқаннан соң ғана отбасын құру керектігін, жас қыздарды мəжбүрлеп тұрмысқа беру шариғатқа қайшы əрекет екенін айтты", — дейді өз сөзінде Ə.Хайруллина.


Соңғы жаңалықтар