ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» кезекті қарсыласын айқын басымдықпен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» кезекті қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» кезекті қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантты. Кезекті матчта ол «Буран» (Воронеж) командасын айқын басымдықпен жеңді.

  • 9 Қазан 2013
  • 322
Фото - Caravan.kz

Ойынның бірінші кезеңінде «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері қарсыластардың қақпасына үш бірдей шайба соғып, алға шықты. Екінші кезеңде есеп өзгермеді. 3:0. Ал үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы шайбаларды қарша боратып, тағы үш шайбаны соғып кетті. «Буран» оның бәріне тек бір шайбамен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп — 6:1.


Сөйтіп, «Қазцинк-Торпедо» тағы үш ұпайды олжалап, жалпы турнирлік кестеде оқ бойы озық тұр. Команданың еншісінде 30 ұпай бар. Ал лига чемпионы — «Торос» одан 8 ұпайға қалып келеді.