ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы «Буранды» ойсырата ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы «Буранды» ойсырата ұтты

ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы «Буранды» ойсырата ұтты

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Буран» (Ресей, Воронеж) командасын ұтты.

  • 17 Қараша 2013
  • 477
Фото - Caravan.kz

Ойынның басында алаң иелері есепті бірінші болып ашса да, алғашқы кезең аяқталғанша, «Сарыарқа» қарсыластың қақпасына 4 (!) бірдей шайба соғып, есепті 4:1-ге дейін жеткізді. Екінші кезеңде «Буран» есеп айырмасын бір шайбаға қысқартты. Алайда Қарағанды қаласының хоккей клубы тағы бір шайба соғып, таразы басын 5:2-ге апарды. Үшінші кезеңде қарсыластар үшінші шайбасын соғып, соңғы минуттарда қақпашысыз таразы басын теңестіруге де тырысты. Бірақ «Сарыарқа» бос тұрған қақпаға алтыншы шайбаны соғып, жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп — 6:3.


Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 7-ші орынға көтерілді, Оның еншісінде барлығы 37 ұпай бар.