ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы «Липецк» командасымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы «Липецк» командасымен кездеседі

ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы «Липецк» командасымен кездеседі

Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Липецк» (Ресей, Липецк қаласы) командасымен күш сынасады.

  • 14 Қараша 2013
  • 373
Фото - Caravan.kz

Осы уақытқа дейін «Липецк» 19 матч өткізіп, барлығы 23 ұпай жинады. Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бұл команда 23-ші орында тұр. «Сарыарқа» да 19 ойын өткізді. Алайда оның еншісінде 32 ұпай бар. Соның арқасында Қарағанды қаласының хоккей клубы жалпытурнирлік кестеде 12-ші орында келеді.


Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Қазақстанның тағы бір командасы — «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы кеше буллит сериясында «Саров» командасына жол беріп қойды.