Жоғалған бүлдіршіннің ата-анасы 50 мың доллар сыйақы беруге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалған бүлдіршіннің ата-анасы 50 мың доллар сыйақы беруге дайын

Жоғалған бүлдіршіннің ата-анасы 50 мың доллар сыйақы беруге дайын

Шымкентте мектепте ұрланған Нұрай Өмірәлінің ата-анасы қызын тауып бергендерге 50 мың доллар сыйақы ретінде тағайындады. Бауыр еті баласын жоғалтқан әке-шешесіне амалсыздан осылай әрекет етуге тура келіпті.

  • 19 Қазан 2013
  • 475
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге салсақ, дайындық сыныбына барып жүрген 6 жасар бүлдіршінді 9-ы күні әлдебіреу әжесімін деп қолынан жетектеп алып кеткен. Ақ жаулықты әйелдің фотороботы жасалып, барлық көшеге ілінгенімен қыздан сол күйі хабар жоқ. Басқа амал таппаған ата-ана енді ақпарат бергендерге 50 мың доллар сыйақы дайындап отыр.

Гүлнұр Өміралиева, Нұрайдың анасы:


— Бізді бір басқаша дінге кіріп шақырып, біз соның шарттарын орындамағандықтан осындай баласын ұрлап отыр дегендей сыбыс естідік, күйеуімен әйелі ажырасып кеткен екен деп естідік. Ондай бізде ажырасу болған емес және басқа да ондай діндерге кірген емеспіз.