Жарияланды: 520

Жоғалып кеткен 20 жасар студент қыздың туысқандары балгерлерге жүгінді

Жоғалып кеткен 20 жасар студент қыздың туысқандары балгерлерге жүгінді

20 жастағы студент Айзада Авлатарованы біреулер зорлықпен ұстап отырғанына туысқандары сенімді. 

Туысқандары қыздың қайда кеткенін анықтау үшін бақсы-балгерлердің көмегіне де жүгінген. 

«Қазір бірнеше балгер қызды біреулер ұстап отырғанын айтып отыр. Іштей біз де оның тірі екендігіне сенімдіміз. Жетіген ауылына жақын елді мекендер Жаңа арна, Жаңалық ауылдарын еріктілер тінтіп жатыр. ІІБ қызметкерлері оның телефоны арқылы қайда екендігін анықтауға тырысуда. Егер қылмыскерлер оқитын болса, +7 708 926 34 17, +7708 527 75 11 телефондарына хабарласуларын сұраймыз. Оны әкеп берсеңіздер, сіздерді кешіреміз», - деді бойжеткеннің әпкесі Гүлзара Зарелова. 
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір облыстық жедел іздестіру тобының барлық күштері қызды іздеуге жұмылдырылған. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ. 
Айта кету керек, 20 жасар бойжеткен 3 желтоқсанда Жетіген ауылындағы үйінен Өтеген батыр ауылындағы колледжге барамын деп шығып кеткен. Соңғы рет құрбысына телефон шалып, таксистің Қапшағай жаққа алып бара жатқанын хабарлаған. Содан із-түзсіз жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін