Жоғары хоккей лигасы: «Сарыарқа» финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары хоккей лигасы: «Сарыарқа» финалға шықты

Жоғары хоккей лигасы: «Сарыарқа» финалға шықты

Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы кеше өз алаңында «Ариада-Акпарс» (Волжск) командасын 4:0 есебімен ойсырата ұтып, финалға шықты.

  • 10 Сәуiр 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz

Лиганың плей-офф сындары аясында бұл екі команда қатарынан бес рет кездесті. Оның төртеуінде «Сарыарқа» командасының жолы болды. Жалпы есеп — 4:1. Жартылай финалдың ережесі де сол, өз қарсыласын төрт рет қатарынан жеңген команда келесі айналымға өтеді. «Сарыарқа» осы талапты шебер орындай білді. Соңғы ойында «Ариада-Акпарсты» 4:0 есебімен ойсырата ұтып, финалға өтті. Енді, қарағандылық хокейшілер «Торос» (Нефтекамск) командасымен күш сынасып көреді. Жеңімпаз атанған құрама Жоғары хоккей лигасының Братина кубогын иеленеді.

Айта кетейік, «Сарыарқа» — «Торос» ойындары 18 сәуір күні басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.