Жарияланды: 850

ЖПК-ның былығынан қалай қорғануға болады?

ЖПК-ның былығынан қалай қорғануға болады?

Соңғы кездері «біздің жергілікті ұйым» сантехниктер мен энергетиктердің қызметі үшін ай сайын төлем алатын болған.

Үнемі наразылық білдіріп жүретін көршім кенеттен келісімін бере салды: «Бірінші қабатта тұрамын, кәріз жүйесінен атқылап жатса, сонда не істеймін?». Оны да түсінуге болады, бірақ бұл үшін тарифтен тыс төлеу қажет пе? 

«Қажет емес» - бұл жауапты мен мемлекеттің «не үшін» және «қанша» төлеу керек екенін есептеп қойған құжаттан таптым. Ол құжаттың аты «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 246 бұйрығы. Шаршы метрге төлем құнын министрлік жұмыс түріне қарай бөліп, әрқайсысының пайызын анықтаған. Министрдің бұйрығын негізге ала отырып, нақтырақ айта кетейік.

Бірінші топ – «Әкімшілік шығыстар (басқару)», оған кондоминиум объектісін басқару органы басшылары мен қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу шығыстары (әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударым) – барлығы 25 пайыз. Жәнеде осы топқа кіретін, кеңсе тауары, ұйымдастыру техникасы, оған қызмет көрсету, 5 пайыздан аспауы керек. Барлығын қосқанда, 30 пайызды құрауы керек.

Ары қарай негізгі топ – «Өндірістік шығыстар (күтіп-ұстау)». Оған мынадай жұмыс түрі кіреді: жертөле үй-жайларын және ортақ пайдаланылатын жерлерді дезинсекциялау, дератизациялау, дезинфекциялау бойынша қызметтер – 6 пайыз. Өртке қарсы жабдықтарды күтіп-ұстауды қоса алғанда, өртке қарсы іс-шараларға, өрт сөндіргіштерді сатып алуға және зарядтауға, арнайы жазбалар, көрсеткіштер жазуға, эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын рәсімдеу және тағы да сол сияқты қызметтері – 5 пайыз, көгалдандыру қызметі бойынша (жасыл екпелер мен газондарды егу, баптау, кесу) – 5 пайыз. Қоқыс құбырларын, үй маңы аумағы, қар мен жапырақ сынды қоқыстарды шығару, (үйдің кәріс жүйесі емес – қазылған шұңқырларды, ауладағы қалдықтарды тазалау) санитарлық тазалау – 5 пайыз. Ортақ пайдаланылатын жерлерге санитарлық тазалық қызметтері – 4 пайыз, орталық жылу жүйесіне қызмет көрсету, сумен жабдықтау, су бұру, ортақ пайдаланылатын жерлерді электрмен жабдықтау, желдету және жылыту маусымына дайындық – 15 пайыз. Апаттық жағдайларда қалпына келтіру қызметі – 10 пайыз, шағын сәулеттілік нысандарды және қоршауларды ағымдағы жөндеу және әрлеу – 10 пайыз, жалпы үйлерде ортақ есептеу құрылғыларын сатып алу және орнату құны – 5 пайыз. Жалпы үйлерге ортақ есептеу құрылғыларына техникалық қызмет көрсету, тексеру, баптау бойынша қызметтер – 5 пайыз. 

Бұл тізімнен тек қана апаттық жағдайлар қызметі ғана емес, сонымен қатар кіреберіс тазалығы да айлық тарифке кіреді, өрт сөндіру мен өрт кезіндегі көшіруді қоспағанда. Сондықтан да бұл ЖПК басшылығымен сөйлесудің тағы бір себебі.

Кондоминиум объектісінің  ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша есептеледі: Р жыл = Р к-ұстау + Р жер + Р орнату + Р ком. қызм. төлеу + Р күр. жөндеуге жинақтау + Р басқару.

1) Р к-ұстау – кондоминиум объектісін күтіп-ұстау мен жөндеуге жұмсалатын шығыстар;

2. Р жер – жер учаскесін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар;

3. Р орнату – коммуналдық қызметтерді тұтынудың үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстар;

4. Р ком.қызм.төлеу – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға,  тұтынылған коммуналдық қызметтердің төлемдеріне жұмсалатын шығыстар;

5. Р күр.жөндеуге жинақтау – алдағы күрделі жөндеуге жинақтау;

6. Р басқару – басқару функцияларын жүзеге асыруға арналған шығыстар.

Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналар мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі.  Ол үшін шығыстар сомасын (Р жыл) шаршы метрмен есептелетін тұрғын үйдің жалпы ауданына бөлеміз (S – бұл белгі ғимарат құжатында жазылады) осылай түбіртекте көрсетілген, шаршы метрге шығатын теңге құнын шығарамыз.  

B=P жыл/(S пайдалы*12 ай)

Көріп отырғанымыздай, ешқандай еркіндік жоқ – бәрін мемлекет шешіп қойған, ЖПК басшылығы бұны орындауға міндетті. Бір жылдық шығыстар сметасы пәтер қожайындарының жалпы жиынында бекітіледі.  

Алматы

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін