Жарияланды: 730

Жұмысқа тұру кезінде отандық ЖОО түлектері «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен тең деңгейде бәсекелесуі тиіс

Жұмысқа тұру кезінде отандық ЖОО түлектері «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен тең деңгейде бәсекелесуі тиіс

Жұмысқа тұру кезінде отандық ЖОО-лардың түлектері «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен тең деңгейде бәсекелесуі тиіс.

Бұл туралы бүгін Астанада «Болашақ» бағдарламасының (BARCEF-2015) жыл сайынғы халықаралық конференциясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов мәлім етті.

«Соңғы жылдары еліміздегі жоғары оқу орындарының жүйесі үнемі жетілдіріліп отырғандығын, лайықты білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқандығын атап өткен жөн. Сонымен қатар жастардың бір бөлігі «Болашақ» бағдарламасынан тыс шет елдерде оқып жатыр. Білім алып жатқандардың сапасы мен жауапкершілігін арттыру мақсатында, отандық және шетелдік оқу орындарының түлектері «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен тең дәрежеде жұмысқа орналасу бойынша бәсекелес алаңда теңдей талаптармен қатысуы қажет», - деді депутат.

Сөз соңында А. Бижанов «Болашақ» бағдарламасы әлемдік білім беру жүйесіне қосыла отырып, адами капиталды дамыту саласында озық жоба болғандығын атап өтті. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін