«Жүрекжарды» 3 ай демалыстан соң эфирге оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жүрекжарды» 3 ай демалыстан соң эфирге оралды

«Жүрекжарды» 3 ай демалыстан соң эфирге оралды

Біздің арнадағы «Жүрекжарды» бағдарламасы 3 ай демалыстан соң эфирге оралды. Әріптесіміз Жадыра Сейдештің сырлы сұхбаттарын әдеттегідей әр сенбінің таңында көре аласыздар.

  • 19 Қыркүйек 2015
  • 268
Фото - Caravan.kz

«Жүрекжардының» ертеңгі кейіпкері Мәжіліс депутаты Мұрат Ахмадиев. Шәкен Аймановтың «Атамекен» фильміне түсіп жұлдызы жанған, тіпті ұлы режиссердің үйінде тұрып, қамқорлығын көрген адамның да бір өкініш, бір үміті жоқ емес. Өнер адамдары құрған отбасылар берік бола бермейді екен. Олардың ұл-қызының да мұңы бөлек. Тағдырлары тарам-тарам. Жеке өмірінен гөрі өзінің бойындағы өнерді биік қоятын Мұрат Ахмадиевтің шыны мен сыры «Жүрекжарды» бағдарламасында. Ол ертең эфирге таңғы сағат 9-да шығады. Өткізіп алмаңыздар.