Журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған еркек үш жылға сотталды
![]() |
Сейсенбі күні Алматының Алмалы аудандық соты журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған күдіктіні үш жылға бас бостандығынан айырды. Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 жастағы азамат жазасын жалпы тəртіптегі түрмеде өтейді. Қазанның оны күні Алматыда белгісіз біреу блогер-журналист Б.Жұмановаға шабуыл жасаған болатын. Қылмысты ашуға үйдің кіреберісі жанындағы бақылау камерасындағы жазбалар көмектесті. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін