Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:
-Бүкіл депутаттық корпусқа Сенат және Мәжіліс аппаратының қызметкерлеріне сындарлы жұмысы және мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлестері үшін ризашылық білдіремін.Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын.
Елбасының жаңажылдық құттықтауын естіп, шабыттанып кеткен депутаттар мешін жылы да талмай еңбек етуге уәде етті. Бір қызығы, Сенат пен Мәжілістің мерекелік жиыны бар жоғы 10 минутқа созылды. Депутаттардың ешқайсысына сыйлық, тіпті мақтау қағазы тартылған жоқ. Дастархан да жайылмады. Бірақ, бұған бола бас қатырған халық қалаулылары жоқ. Тосын сыйды отбасына, туыстары мен достарына әзірлеп, Аяз ата секілді ұл-қызының арманын орындауға әзірленіп жатыр. Тіпті кейбірі 31-ші желтоқсанды кіммен және қайда қарсы алатынын анықтап та қойыпты.
Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:
- Әріптесім депутат Асхат Бекенов Бурабайға демалуға шақырды. Сонда отбасымды ертіп барамын. Бірге демаламыз.