“Жүр, әкеңнен сұрайық десем де, ол ашулы түрде ұрып жіберді” - Сотталушы Дархан Аскентай Шерзат туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жүр, әкеңнен сұрайық десем де, ол ашулы түрде ұрып жіберді” - Сотталушы Дархан Аскентай Шерзат туралы

“Жүр, әкеңнен сұрайық десем де, ол ашулы түрде ұрып жіберді” - Сотталушы Дархан Аскентай Шерзат туралы

Қазіргі кезде Шерзат ісіндегі сотта сотталушы Аскентай Дархан істің қалай болғанын айтып берді.

  • 6 Мамыр
  • 97
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол тергеу кезіндегі жауаптарын жоққа шығарды.

”Ол кезде менен жауап алды. Бірақ ол кездегі жауаптармен толықтай келіспеймін. 24 сағат бойы біздің жетеуімізге қысым жасалды. Бір жағынан жарақат алғандықтан дұрыс жауап бере алмадым. Қысым жасағандықтан, ойымды жинақтай алмай, сол күні дұрыс жауап бере алмағандықтан бүгін болған оқиғаны және не болғанын өзімнің істеген іс-әрекетімді айтуға шешім қабылдадым”, — деді сотталушы.

Жауап алу кезінде қорғаушысы болды, өзінің қолы болса да тергеу кезіндегі сөзін жоққа шығарды. Оның айтуынша, тергеушілер оны ұрып-соққан.

”Сол кезде бізде қорғаушылар болмады. Кешке дейін бізді телефонға түсірді, кабинеттен кабинетке тасыды, ұрып-соғып, боқтық сөздер айтқаннан кейін кешке болған оқиғаның жеріне апаратын кезде ғана далаға шыға алдым. Мен қорғаушымды сол кезде ғана көрдім. Кешке қол қойды, сол кезде ғана адвокатымды көрдім. Қорғаушы не айтқанымды көрмей, қол қойды”, — деді Аскентай Дархан.

Сонымен қатар, ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

”Мен 3-нен 4-не қараған күні сағат кешкі 11-де досымның көлігінен жолда түсіп қалып, Қамажай дүкеніне кірдім. Қамажай дүкенінен сыра алып, кассаға қойып, Қаржаубаймен сол кезде таныстым. 3 бөтелке сыра алдым. Сыраның бағасы 1300 теңге болғандықтан ағаға “аға, ақша 1500 теңгедей болсын. 1000 теңгесін аударма жіберемін, қалған ақшаны қолма қол беремін дедім. Аударма 1000 теңге, қолма қол 1000 теңге бергендіктен 500 теңге қолма қол қайтарып берді. Мен сол күні кешкі 5-6 шамасында Олжас деген досыма “ақша керек болып, маған ақша аударасың”, — дедім. Өзімде каспий болмағандықтан, досыма айтқанмын. Сол күні кешке хабарласатын күні Олжас маған “ұйықтап қалуым мүмкін, балдызыма хабарлас. Балдызыма ақша салып қойдым. Балдызымнан аласың” дегеннен кейін Бибінұр деген балдызына өтіндім”, — деді сотталушы.

Дархан Аскентай оқиға болған күні дүкенге не себепті екінші рет қайтып оралғанын түсіндірді.

”Мен дүкеннен сырамды алып бара жатқан кезде маған біреу қоңырау шалды. Тұтқаны алып үлгермедім, телефоным өшіп қалды. Дүкенге жақын болғаннан кейін қайта келіп, Қаржаубай ағаға “телефонымды 5-6 минутқа зарядтап беріңізші” дедім. Ол кісі телефонымды қойып берді. Мен сыраны досыма алып кетуге өтінген кезде 3-4 мәрте іштім. Дүкенге кірер алдын сау күйде болдым. Телефонымды қойып, сыртқа шығып сырамды енді ішейін деп тұрғанмын. Сол сәтте 3-4 минут өтпей телефонымның музыкасын естігенннен кейін дүкенге кіріп бара жатқан кезде Қаржаубай Шерзатқа телефонды берді. Шерзат маған звондап жатыр дегеннен кейін сыртқа шығып кеттім. Сосын мен Қаржаубайға “аға, ақшаңызды салып жібергенмін. Ертең таңертең Олжас екеуміз келеміз, дайын болыңыз” дедім. Соны өтінгеннен кейін телефонымды өшіріп жатқанда смс келіп тұр екен. Кімдер екен деп қарап жатқанда маған Шерзат тұрып ашулы түрмен “Сен әкеме бірдеңе дедің ба? Не дегің келіп тұр?” — деп маған ашуланды. Мен түсінбей қалдым. Түсінбедім деп түсіндіріп жатқанда мен оған “Жүр, әкеңе. Мен оған ештеңе деген жоқпын” дедім. Қарасам қолында кастет тұр екен. Қашып үлгерген жоқпын. Алдыда оң көзімнен ұрып жіберді. Бір соққы жасап, 2-3 метр шегініп кеттім. Бетімді ұстап сол жерде тұрып қалдым. Не үшін ұрып жібергенін түсінбей қалдым”, — деді сотталушы.