Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен ақпаратқа қарағанда, марқұм зорлықпен күш қолдану арқылы өлтірілген. Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. Кісі өліміне күдікті ретінде Орал қаласында уақытша тұратын Өзбекстанның Б. есімді азаматы ұсталды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.