Зүлфия Сүлейменова жаңа лауазымға тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зүлфия Сүлейменова жаңа лауазымға тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова жаңа лауазымға тағайындалды

Экс-министр Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды. 
 

  • 21 Қыркүйек 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне жасап хабарлайды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Ол Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады. 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. Ал былтыр министр лауазымына тағайындалды.