Пойыздарды тазарту компаниясына айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пойыздарды тазарту компаниясына айыппұл салынды

Пойыздарды тазарту компаниясына айыппұл салынды

Заң бұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар

  • 29 Шiлде
  • 10
© Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputni.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚТЖ жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жолаушылардан тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақытылы жинамауына шағымдар жиі түскен. Осыған байланысты жеке тексеріс жүргізілді.

«Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанайжәне т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті», — делінген ҚТЖ хабарламасында.

Компанияның мәліметінше, заң бұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар.

Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралатынын хабарлады компания.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалыныңд иректорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, «Жолаушылартасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралады.