Орта білім беру жүйесінде кадр тапшылығы толық жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орта білім беру жүйесінде кадр тапшылығы толық жойылды

Орта білім беру жүйесінде кадр тапшылығы толық жойылды

Биылғы оқу жылында 36 педагог мемлекеттік наградалармен марапатталды.

  • 16 Мамыр
  • 3
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Қазіргі уақытта еліміздің орта білім беру ұйымдарында 412 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. Олардың 73 пайызға жуығы – жоғары біліктілік санатына ие. Осы жерде ерекше тоқталып өтсем деймін, педагогтер санының артуы — еліміздің орта білім беру жүйесінде кадр тапшылығының толығымен жойылуына ықпал етті, — деді ресми өкіл.

Ол Мемлекет басшысының тарапынан ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын айтты. 

-Бұған айқын дәлел — Қазақстан тарихында алғаш рет биылғы оқу жылында екі педагогке президент Қасым Жомарт Тоқаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды. Сондай-ақ, 36 педагог мемлекеттік наградалармен марапатталды, 64 мұғалім «Үздік педагог» атағын иеленді және оларға мемлекет тарапынан 1 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы тағайындалды, — деді Мереке Нұрмұханова.