Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Мажарстанға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Мажарстанға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Мажарстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға барады.

  • 19 Мамыр 2025
  • 3
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 19 мамырда президенттің баспасөз қызметі айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Сапар мақсаты – Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады», – деп жазылған ресми ақпаратта.

2025 жылғы 17 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады. Кездесу барысында әңгімелесушілер екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы, сондай-ақ энергетика және банктік секторлардағы өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды. Кездесу соңында Қазақстан Президенті Петр Сийяртоны Қазақстан-Венгрия қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.