17 жасар қазақстандық теннисші US Open турнирінде сенсация жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 501.79
  • 595.07
-7 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17 жасар қазақстандық теннисші US Open турнирінде сенсация жасады

17 жасар қазақстандық теннисші US Open турнирінде сенсация жасады

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді. 

  • 3 Қыркүйек 2025
  • 65
Фото: ҚТФ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен кездесті.

Алан Важны сонымен қатар ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр. 

Соған қарамастан, Заңғар азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды. 

Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.