“Интрига жасағыш адам”: Толқын Қылышев Өзбекстан тарапы жариялаған видеоға шүйліккен журналиске жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Интрига жасағыш адам”: Толқын Қылышев Өзбекстан тарапы жариялаған видеоға шүйліккен журналиске жауап берді

“Интрига жасағыш адам”: Толқын Қылышев Өзбекстан тарапы жариялаған видеоға шүйліккен журналиске жауап берді

Ташкент қаласында бокстан Қазақстан және Өзбекстан құрамаларының бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

  • 27 Қараша
  • 144
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бірер күн бұрын спорт журналисі Аслан Қаженов Өзбекстан тарапына қатысты “бірлескен жаттығу кезінен тек қазақ боксшылары таяқ жеген видеоларды әлеуметтік желіде жариялады” деген пікір білдірген еді.

Осы ретте Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев sportarena Instagram парақшасының пікір бөліміне жазба жариялап, бұл “дауға” қатысты өз ойын айтты.

“Мен өзім де не болғанын түсінбей қалдым. Оқу-жаттығу жиыны өте жақсы өтіп жатыр, бәрі риза. Спаррингтерді Қазақстан тарапы да түсіріп жатыр. Қазақ бокс федерациясының баспасөз өкілдері де осында жүр. Видео түсірген тарап өзіне ыңғайлы жерін қояды. Мұнда таңқаларлық ештеңе жоқ, ешқандай тыйым да жоқ.

Сосын қарасам, “Қаженов Аслан айтты” деп жазып қойыпты. Ол өзі интрига жасағыш адам, өз пайдасы үшін жаза салады. Оны оқудың да, қараудың да қажеті жоқ. Өзі нақты ештеңе істей алмайды, өзгелерге де пайда тигізбейді. Осындай журналистер бәріне зиян келтіреді. Ондайлардың сөзіне құлақ аспау керек”, — деп жазды ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера