Елде техникалық және кәсіптік білім беру саласында студенттер саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елде техникалық және кәсіптік білім беру саласында студенттер саны артты

Елде техникалық және кәсіптік білім беру саласында студенттер саны артты

Онда 562 мың адам білім алып жатыр, оның ішінде 266 мың адам немесе 47,3% – әйелдер. 2024-2025 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1% өскен

  • 31 Желтоқсан
  • 2
Фото: Абай облысы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025-2065 оқу жылының басында елде 706 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы және 35 филиал жұмыс істеді.

Білім алушылардың жалпы санының 73,4% негізгі орта білім негізінде (9-сыныптан кейін), 22,9% жалпы орта білім негізінде, 3,7% ТжКБ-дан кейін оқуға түскендер.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 397 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 70,6%, тағы 165,1 мың адам немесе білім алушылардың 29,4% ақылы түрде оқиды.

Өткен оқу жылындағы түлектер саны 169,3 мың адам болды, оның ішінде 102,3 мың адам (60,4%) жұмысқа орналастырылды және 28,4 мың адам (16,8%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 38 684 оқытушы және 5 170 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 70,3% және 47,8%-дан.

Перейти к новостям спорта