Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 509.84
  • 595.75
0 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

1 қаңтардан бастап Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өседі.

  • 13 Қаңтар
  • 6
ФОТО: zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жүйеге сәйкес офицерлердің айлығы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның айлығы 10 пайызға артады.

Бұл – ақшалай қамтамасыз етуді арттырудың екінші кезеңі, деп жазады qazaqstan.tv.

Алғашқы кезең 2025 жылы іске асырылып, сол кезде офицерлердің жалақысы орта есеппен 20,3 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның айлығы 33,9 пайызға көбейген.

Сондай-ақ 2025 жылы әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіліп, тұрғын үй, білім беру және отбасыларды қолдау бағытында бірқатар өзгеріс енгізілді.

Бұған қоса, бұрын тоқтатылған далалық төлемдер қайта беріліп, әскерилерге оқу-жаттығулар мен жорықтарға қатысқан әр күні үшін 1,2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлене бастады.