Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады - kaz.caravan.kz
  • $ 503.35
  • 590.63
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

  • 23 Қаңтар
  • 3
ФОТО: kaz.inform.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Қаулымызға сәйкес, бұл деректерді 1 ақпанда ресми жариялаймыз. Бұл дүниеге сәбилердің келуіне, кейбір балалардың елден кетіп, азаматтықтан шығуына байланысты. Сондықтан Үкіметтегі әріптестерімізбен аталған қаражаттың кімге аударылатындығы есептелінеді. Алдын ала дерек бар. Алдын ала деректерге қарағанда, сома өткен жылдағымен пара бар, әр балаға 130 доллардан тиесілі болады, — деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, өткен жылғы Ұлттық қордың табысы 8,7 млрд долларды құрады.

-Бұл жылдық мәнде 15 пайызға тең. Екі цифр да рекордтық саналады. Ұлттық қорды басқарған уақытта бері мұндай цифр болған емес. Сондықтан Ұлттық қордан алып қоюлар мен трансферттердің болуына қарамастан оның айтарлықтай артуына септігін тигізді, — деді Ұлттық банк төрағасы.