Қазақстанда кімдер ең жоғары жалақы алады? - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кімдер ең жоғары жалақы алады?

Қазақстанда кімдер ең жоғары жалақы алады?

2026 жылдың басынан бері Enbek.kz электрон еңбек биржасында 102,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 162,4 мың түйіндеме орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бос жұмыс орындары мен жалақы туралы мәлімет берді

  • 19 Ақпан
  • 4
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сұраныста жартысына жуығы жұмысшы мамандықтар үлесі (47,6%) — 48,9 мың бос орын.

«Нақты кәсіптердің ішінде жұмыс берушілер тарапынан ең көп сұранысқа ие болғандар: мейіргерлер (1,9 мың бос жұмыс орны), санитарлар мен автомобиль жүргізушілері (әрқайсысы 1,8 мыңнан), сондай-ақ, математика пәнінің мұғалімдері (1,7 мың)», — делінген хабарламада.

Салалық бөліністе бес негізгі салаға сұраныс жоғары.

«Дәстүрлі түрде білім беру саласы көш бастап тұр – 33 мыңнан аса хабарландыру (жалпы санның үштен біріне жуығы). Одан кейін өзге де қызмет түрлері – 11,4 мың (11,1%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету – 9,7 мың (9,5%) орналасқан. Сондай-ақ кадрларға жоғары қажеттілік мемлекеттік басқаруда (7 мың) және өңдеу өнеркәсібінде (6,9 мың) тіркелді», — делінген хабарламада.

Ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында (8,9 мың), Түркістан (7,3 мың) және Қарағанды (7,1 мың) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (6,9 мың) жарияланған.

Қаңтарда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны

  • бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге (орта есеппен 991 мың теңгеден бастап),
  • өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастықтарына (876 мың теңгеден бастап),
  • бас геологтарға (803 мың теңгеден бастап) ұсынды.