8 наурызға қарай сұранысы жоғары пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 наурызға қарай сұранысы жоғары пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі

8 наурызға қарай сұранысы жоғары пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі

Бұл шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді

  • 19 Ақпан
  • 3
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық тасымалдаушы Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды.

«Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді», — деп жазылған хабарламада.

Компания хабарлауынша, Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.

Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, пойыз қозғалысы туралы мәліметтерді ресми сайттағы онлайн-таблодан көруге болатынын ескертті.