Елде қай салада жұмысшы көп - статистика - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елде қай салада жұмысшы көп - статистика

Елде қай салада жұмысшы көп - статистика

2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты

  • 24 Ақпан
  • 3
Фото: caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық стаитстика бюросы жұмысшылар саны қай салада көп екені туралы деректі жариялады.

2025 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде:

7,2 млн – жалдамалы қызметкерлер (77%)

2,1 млн – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%)

Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:

сауда – 17%

білім беру – 13,2%

өнеркәсіп – 12,5%

ауыл шаруашылығы – 10,3%

көлік және қойма – 7,2%

құрылыс – 6,8%

денсаулық сақтау – 6,6%

2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты. Өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген.