Таза спорт пен өнерге беріліп, өзімен өзі жүрген жігіт - Журналист Шайдоровтың жалақысы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таза спорт пен өнерге беріліп, өзімен өзі жүрген жігіт - Журналист Шайдоровтың  жалақысы туралы

Таза спорт пен өнерге беріліп, өзімен өзі жүрген жігіт - Журналист Шайдоровтың жалақысы туралы

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов Михаил Шайдоровтың олимпиадаға дейін алған жалақысы туралы пікір білдірді.

  • 24 Ақпан
  • 15
Фото:Instagram/kazhenov.aslan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы журналист Аслан Каженов өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Министрге шабуыл басталды! Ештеңе жақпайтын халықпыз ғой. Милан олимпиадасында тарихи алтын жеңіп алдық. Артынша Михаил Шайдоров әкесі 2021 жылы жазған арызы желіге шықты. Ол кезде спорт министрлігі тізгінін Ақтоты Райымұлова ұстады. Жоқ, оларды емес, именно қазіргі министрді желкеден ала бастадық. Сұрақты жаудырған және талап еткен, шыны керек, өзіміз ғой. Журналистер мен блогерлер. Ол не істейді? Амал жоқ, нақты есебін берді. Айтпаса, жасырды дейміз. Айтса, жариялады дейміз. 

Негізі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау ашық болғаны абзал. Өйткені, ол — бюджеттің қаржысы. Қазір Мишаны министрлікке қарсы қойып отырған да өзіміз. Яғни, әріптестер осы сауалды әдейі тастап, аузынан суырып алып отыр. Әйтпесе, олимпиада кезінде Михаилмен кездестім, сөйлестім, сұрадым. Ол ондайды ойламайды да. Таза спорт пен өнерге беріліп, өзімен өзі жүрген жігіт. Қысқасы, Мишаға мемлекеттен қолдау жасалды және ол оны толық ақтады. Болды. Әр нәрседен негатив іздей берудің қажеті жоқ. Керісінше, тарихи жетістікке қуана білейік!», — деп жазды ол.