Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Айша Кеңесбайға берген сұхбатында қарапайым адамдарға жынмен сөйлесуге болмайтынын айтты.
“Қарапайым халыққа, білімі жоқ адамдарға жынмен сөйлесуге болмайды. Паралельді әлем туралы біліміңіз жоқ болса, жынмен сөйлеспеңіз. Ал сол саланы зерттеген маман болсаңыз болады. Себебі кей кезде жын тек оқумен шықпайды. Кейде диалог жасап, келісу керек болады. Тіпті мықты жындарды уағыз айту, дінді түсіндіру арқылы, “Ібіліске жүргеннен не пайда табасың” деп шығарып жіберген де жағдайлар болды. Жын тек оқумен шығады деген бос әңгіме”, — дейді ол.
Сондай-ақ, ол өз тәжірибесінде Сүлеймен пайғамбар заманынан келе жатқан жынды кездестіргенін де мәлімдеді.
”Менің тәжірибемде Сүлеймен пайғамбарымыздың заманынан бері келе жатқан, 28 мың жыл өмір сүрген жын болған. 15-18 мың жылдық жындар да болған. Олардың деңгейі бөлек. Сенің миыңды ағызып жіберетін сұрақтар қояды. Сен сұрақтарға жауап беріп, оны дінге келтіріп, “қарғаны аппағым, кірпіні жұмсағым” деп шығарып саласың. 28 мың жыл өмір сүрген жын “Мен 28 мың жыл өмірімді жамандықпен өткіздім, неше млрд адамды өлтірдім. Құдай мені қалай кешіреді” деген сұрақ қойды. Оған “Сен Ібіліс емессің, Құдай кешіреді” деп, қатып қалған жүрегін иманға келтіріп, шығарасың. Емдеп отырып, адам тілімен сөйлесемін. Жын кірген адамның тілімен сөйлейді”, — дейді ол.