Ақтауда қант диабетіне шалдыққандардың денсаулығы нашарлай бастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.9
  • 555.3
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда қант диабетіне шалдыққандардың денсаулығы нашарлай бастаған

Ақтауда қант диабетіне шалдыққандардың денсаулығы нашарлай бастаған

Ақтауда қант диабетіне шалдыққан кейбір науқастар тегін дәріден қағылып қалды.

  • 13 Сәуiр
  • 2
Фото - Caravan.kz

Шамамен 20 адам аталған дертпен күресу үшін көп жылдан бері «Трулисити» препаратын қолданып келген. Алайда биылдан бастап бұл дәрі-дәрмек тегін берілетін препараттар тізімінен алынып қалды, деп жазады Zakon.kz порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Соның салдарынан науқастардың қан құрамындағы қант деңгейі күрт көтеріліп, денсауығы нашарлай бастаған. Ал дәріні өз қаражатына алайын десе, дәріханаларда сатылмайды.

Шетелден алдыру қымбат. Сондықтан олар «Трулисити» препаратын қайтаруды сұрайды. Бірақ денсаулық сақтау басқармасы бұл дәрінің диабетті емдейтін препараттар қатарына кірмейтінін айтады.

«Бұл препарат әрқашан қосымша ем ретінде қолданылып келген. Қазіргі таңда тиісті бұйрыққа сәйкес, бізде қант диабетін емдеуге арналған 9 препарат және 7 түрлі инсулин бар. Науқастарға «Трулиситиге» балама препаратқа көшуге кеңес береміз.»Жанар Төлебаева, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бас маманы