"Михаилді жау қыла салды, бұл қалыптасып кеткен біздегі жүйе": Шайдоровтан сұхбат алған Тимур Балымбетов оқиғаға қатысты бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Михаилді жау қыла салды, бұл қалыптасып кеткен біздегі жүйе": Шайдоровтан сұхбат алған Тимур Балымбетов оқиғаға қатысты бар шындықты айтты

"Михаилді жау қыла салды, бұл қалыптасып кеткен біздегі жүйе": Шайдоровтан сұхбат алған Тимур Балымбетов оқиғаға қатысты бар шындықты айтты

Қазақстан халқы бірнеше күннен бері олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның жалақысына қатысты дауды талқылап жатыр.

  • 1 Маусым
  • 7
Коллаж: Caravan.kz

Осы ретте спортшыдан сұхбат алған Тимур Балымбетов алғаш рет алдына шығып, оқиғаға қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Менің шыдамым да, дипломатиялық жағдайым да таусылды. Мен болып жатқан жағдайға байланысты не айтарымды, қалай айтарымды білмей отырмын. Ақылға қонымсыз нәрсе. Ең күйдіретіні — бізді бір-бірімізге арандатушы етіп қойды, бот арқылы. Көбінесе қазақ тілді пабликтерде солай болып жатыр.

Михаил Шайдоров туралы жаңалықтың астында «Түф, осыларда бір қанағат жоқ екен, тойымсыз. Қаншама пәтер, көлік берді. Қаншама ақшасын берді деп, оның өзін әлі алған жоқ, соның өзінде тоймайды екен. Біз мысалы мына жақта қиналып жүрміз ғой» деп. Сол жерде біздің ішкі ызамызды кетіреді. Әрине, кім мына өмірде еш қиындықсыз бір нәрсеге жетеді?

Әрқайсымыздың өзіміздің өз қиналысымыз болады. Соны пайдалана отырып, халықты мақау, топас деп ойлай ма? Сөйтіп отырып, Михаилді жау қыла салады. Өйткені, біздің елімізде қалыптасып кеткен практика бар. Мәселе, ойды тудырған, қолдан жасаған адам кінәлі емес, оны көрсеткен адам кінәлі. Осы сәтті пайдаланып, Михаилді жау қылып жатыр.

Ол бала — жаңа буынның баласы. Алдыңғы буынның спортшыларының аузын жауып, ақшасын ала ма, айтқызбай ма? Сөйтіп үйретіп тастаған, нағыз жүйе ғой? Ал, бұл буынның спортшылары, атлеттері бұлар бөлек. Өзі де айтады мен зумермін, маған сендердің ойындарың керек емес. Алғанымды беріңдер, мен артық ештеңе сұрап отырған жоқпын.

Сосын Миша қит етсе сұхбат береді екен деп жатыр. Сонда мен негізі олимпиададан кейін, Михаилға бірден хабарласып, сұхбат туралы сұрадым. Сол кезде ұсыныс жасадым. Мамыр айында ғана маған сұхбат берді. Сонда «қит етсе» сұхбат беретіндей, осы бес айдың ішінде қанша адам сұхбат берді? Бізде қит етсе айтпаған, тіпті өздеріне қол жұмсап кеткен спортшыларымыз қаншама. Білесіздер ме, ондай да жағдайлар болған. Өздерінің отбасына, балаларына жеткізе алмай жүрген қаншама спортшы бар. Осы жүйеден зардап шеккен, сөз жоқ. Қит етсе дейді. Алдаңбаңыздар», — деді ол.