“Екі қызымыз тұрғанда өмір бақи бірге жүреміз”: Сейфуллин Жолбарыс жеке өмірі туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Екі қызымыз тұрғанда өмір бақи бірге жүреміз”: Сейфуллин Жолбарыс жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

“Екі қызымыз тұрғанда өмір бақи бірге жүреміз”: Сейфуллин Жолбарыс жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Танымал әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс жеке өмірі, балалары туралы айтты.

  • 14 Шiлде
  • 175
Фото: instagram.com/s_zholbarys_official

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі “Oilau” ютуб арнасына берген сұхбатында бұрынғы жұбайымен заңды түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, арада үш жыл өтсе де, ортақ балаларының болашағы үшін өзара сыйластықты сақтап келеді.

”Ажырасып кеткеніміз рас. 3 жыл өтті, заңды түрде ажырастық. Бірақ бізде екі қыз, ортақ достарымыз бар. Сондықтан той-томалақтарда бірге жүреміз. Екі қызымыз тұрғанда біз өмір бақи бірге жүре береміз. Оларды өсіріп, жеткізуіміз керек. Бастысы, бір бірімізге деген сый-құрметті сақтап қалу керек”, — дейді ол.

Ол әке ретіндегі жауапкершілігі мен ұлының өнерге деген қызығушылығы жайында да әңгімеледі. 

”Балаларым әке ретінде мақтар тұтады. Оны байқаймын. Дұрыс әке болу оңай емес. Жалпы өмірде дұрыс адам болып жүрудің өзі қиын. Жалғыз ұлым кішкентайынан гитарамды көріп өсті. 10 жасынан бастап гитара ойнады. Өзінің таңдаған жолы сол. Гитараны оқыды. Анда-санда ән жазып қояды, көріп жатыр. Білмеймін, қалай болатынын. Ешқашан “өнер жолы қиын” деп айтпаймын. Репертуар таңдауда, өзі ән жазып жатқанда көмектесемін. Концерттерге жиі алып баруға тырысамын. Менікі жол салып беру, қалғаны өзіне байланысты”, — дейді Сейфуллин Жолбарыс.

Сонымен қатар, ол Қазақстандағы той-бизнестің шоу-бизнеске қарағанда табыстырақ екенін де айтты. 

“Шоу-бизнеске қарағанда той-бизнестің ақшасы көп. Себебі, қазақ той көп жасайды. Басқаны айтпай-ақ қояйын, өзім де той жасағанды жақсы көремін. Әкемнің 80 жылдығы, 90 жылдығы, анамның 80 жылдығы, 90 жылдығын жасадым. Ол — қанымызда бар нәрсе. Бәрі “той деген шашылу” деп қателеседі. Той — ағай-туысты жинау. Ол да бір шоу. Қазақстанның тойханаларының жарық, дыбыс жақтары қайда өсіп кеткен. Сондықтан той да өз алдына шоу-бизнес болып жатыр”, — дейді Сейфуллин Жолбарыс.