"Мен үшін, ел үшін қолдау білдіріңіздер": Назым Қызайбай көпшілікке үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 458.45
  • 531.39
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен үшін, ел үшін қолдау білдіріңіздер": Назым Қызайбай көпшілікке үндеу жасады

"Мен үшін, ел үшін қолдау білдіріңіздер": Назым Қызайбай көпшілікке үндеу жасады

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындалуда.

  • 2 Қыркүйек
  • 1
Фото: www.instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бокстан әйелдер құрамасының көшбасшысы тамыз айын түгелдей жаттығуға арнағанын айтып, алда маңызды жарыстар күтіп тұрғанын жеткізді. Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында дайындық барысымен бөлісіп, жанкүйерлерінен қолдау сұрады.

«Тамыз айы да осылай жаттығумен өтті. Жаттығу, жаттығу және тағы да жаттығу. Режим мен тәртіп. Ал алда маңызды жарыстарға толы қарбалас қыркүйек күтіп тұр. Мен үшін, біздің ел үшін де жұдырықтарыңызды қысып, қолдау білдіріңіздер. Осы уақытқа дейінгі жаттығулар мен еңбектің нәтижесі жақсы болады деп сенемін», – деп жазды Назым Қызайбай.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді. Құрлықтық додаға Азия елдерінен 11 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде.