“Абылайхан Жүсіпов пе, Төрехан Сабырхан ба”: Азия ойындарында Қазақстан намысын кім қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 458.45
  • 531.39
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Абылайхан Жүсіпов пе, Төрехан Сабырхан ба”: Азия ойындарында Қазақстан намысын кім қорғайды

“Абылайхан Жүсіпов пе, Төрехан Сабырхан ба”: Азия ойындарында Қазақстан намысын кім қорғайды

19 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында Азия ойындары өтеді.

  • 2 Қыркүйек
  • 52
Фото: Olympic.kz. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Осы ретте БАҚ беттері мен жанкүйерлер арасында 70 келі салмақта ел намысын Абылайхан Жүсіпов пен Төрехан Сабырханның қайсысы қорғайтыны қызу талқыланып жатыр.

Бокс функционері, танымал менеджер Жалғас Түкешов «Alypsok» ютуб арнасына берген сұхбатында екі боксшыға қатысты пікірін білдірді.

«Біреуді қолдап, бөліп жарғанымыз емес, Абылайхан адам ретінде өте интеллекті жоғары жігіт. Боксшы жағынан да мін жоқ. Бұл жерде айырмашылық — тек жастарында ғана. Бірі 1997 жылғы болса, бірі 2006 жылғы. Төреханды мен айтпасам да, бокс мамандары да, жанкүйерлер де олимпиададан алтын әкелетін боксшы деп үміттеніп отыр. Төреханды олимпиадаға қатыстырамыз десек, Азия ойындарына да жіберіп, сол жердің аурасын сезіндірген дұрыс сияқты. «Әлі жас, алда бірнеше Азия ойындарын көреді» деген пікірлер айтылып жатыр. Бірақ оған ешкім кепіл бере алмайды. Жыл сайын неше түрлі «Төрехандар» шығады. Сондықтан шын мәнінде кім мықты, сол барса болды деп ойлаймын. Абылайханның жасы келді деген де әңгіме емес. Олимпиада чемпиондарының барлығы Абылайханның жасында шығып жатыр. Оны да есепке алуымыз керек, қартайып қалған ештеңесі жоқ. Дәл қазір екеуінің арасына таңдау қойса, көп адам ойланады. Бірден жауап бере салатын дүние емес. Кім барса да мықтысы барсын. Екеуін де інілерім ретінде сыйлаймын, қолдаймын», — дейді ол.

Қазақстан бокс федерациясы әзірге Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама сапын ресми түрде жариялаған жоқ. Сондықтан 70 келі салмақта ел намысын кім қорғайтыны әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан бокс құрамасы өз тарихындағы ең төмен нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама алғаш рет құрлықтық додада алтын медальсыз қалып, екі күміс және үш қола жүлде жеңіп алған еді.