Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.91
  • 522.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды

Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды

Астана қалалық Полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты ресми түсініктеме берді.

  • 13 Қыркүйек
  • 2
Фото - Caravan.kz

Астана қалалық Полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде әдеп нормалары мен ішкі тәртіпті бұзған туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті», — деді мекеме өкілдері.

Ішкі тексеру қорытындысы бойынша екі полиция қызметкері де жұмыстан босатылды.

Еске сала кетейік, желіде белгілі мысырлық тревел-блогер Ахмед Хаггагтың Астанадағы «Хан Шатыр» СОО маңында орналасқан «Ғашықтар саябағында» формадағы полицей қыздарды көтеріп, айналдырып жүрген видеосы тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Айта кетейік, Ахмед Хаггаг — әлемнің 193 елін аралаған танымал саяхатшы-блогер, оның әлеуметтік желілердегі жалпы аудиториясы 10 миллионнан асады.