«Балаң бақилық болса, қартаяды екенсің»: Ердос Қанаев оқырмандарының сынына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 450.91
  • 522.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Балаң бақилық болса, қартаяды екенсің»: Ердос Қанаев оқырмандарының сынына жауап берді

«Балаң бақилық болса, қартаяды екенсің»: Ердос Қанаев оқырмандарының сынына жауап берді

“Жігіттер” тобының мүшесі, әнші Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасына «қартайып кетіпсіз» деп пікір қалдырған оқырмандарына жауап берді.

  • 14 Қыркүйек
  • 1
Фото: www.instagram.com/erdoskanaev

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі Instagram парақшасында алдыңғы видеосына жазылған пікірлерге тоқталып, өміріндегі ауыр кезеңдерді еске алды.

«Алдыңғы рилста “Қартайып кетіпсіз”, “Бұл да қартайыпты” деген сынды пікірлер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау әкең о дүниелік болса, қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!» – деп жазды ол.

Әншінің бұл видеосы желіде қызу талқыға түсіп, бір миллионға жуық қаралым жинаған. Жазба астына үш мыңнан аса пікір жазылған.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Ердос Қанаевқа қолдау білдіріп, жылы лебіздерін білдірген.

“Қартая алу да – бақыт», «Алтын азаматсыз, аман жүріңіз», «Ауыз менікі деп жаза беруді қою керек, естігілерің келгені осы ма?», «Бәрі жақсы болсын, Алла жар болсын», «Қалған ғұмырыңызда сәбидей мұңсыз болыңыз”, — деп жазды олар.