Елбасы туралы кезекті фильм жарыққа шықпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы туралы кезекті фильм жарыққа шықпақшы

Елбасы туралы кезекті фильм жарыққа шықпақшы

Елбасы жайында кезекті фильм! Бұл жолы КТК арнасының арнайы тапсырысымен бұрын-соңды болмаған туынды жарыққа шықпақ. Режиссері баршаңызға белгілі, талай жүлделі кинолардың авторы - Ақан Сатаев. Айта кету керек, бұл кәсіби шебердің деректі фильм жанрындағы тұңғыш жұмысы болмақ.

  • 18 Маусым 2013
  • 329
Фото - Caravan.kz

Соңғы он жылдықта Елбасы жайында үзбей түсіріліп жатқан туындылар жетерлік. Әрқайсысы бірінен қалмай, мүмкіндігінше Президенттің образын шынайы ашуға тырысады. Бірақ, қызметін баяндаймыз деп, адами қасиеттері үнемі тыс қалып жататыны шындық. Сондықтан бұл олқылықты КТК арнасы түзетпек мақсатта жуырда жаңа деректі фильмнің түсірілімін бастады.

Ярослав Красиенко, сценарий авторы:

— Өзге туындыларда Елбасын тас жүрек, еш уайымсыз Президент ретінде көрсеткен. Бұл дұрыс та шығар, бірақ дәл біздің деректі фильмде Нұрсұлтан Әбішұлын адами тұрғыда ашамыз. Яғни, елмен бірге қайғырып, елмен бірге қуанған сәттерін жиі көрсетеміз.

Күн-түн демей түсірілу жұмыстарын қызу өткізіп жатқан шығармашылық топ сол ортаға қайта енуге тырысты. Тарихқа көз жүгіртіп, алғашқы алаң — Елбасының туған жері таңдалды.


Хасан Қыдырәлиев, қоюшы оператор:

— Менің артымда байқап тұрсаңыздар Елбасының үйі болған. Яғни, балалық шағының өткен жері осы аймақ. Бірақ, жөндеу жұмыстары болып өзгеріп кеткен дейді. Сондықтан бұны жүргізуші сөзбен келтіріп айтатын шығар.

Режиссері, көмекшісі, қоюшы операторы бар барлығы әр қадамдарын бірлесе шешуге тырысып отырды. Айтуларынша, түсірілімі жаңа аяқталған туындыны тек осылайша мәнді әрі қызықты етуге болады.

Ал әрбір кадрдың, бірлесе жасалып жатқан еңбектің зая кетпесін екінші жақтан, яғни мына бөлмеден режиссердің өзі — Ақан Сатаев қадағалап отырады. Енді кәсіби мамандардың жұмысына баға беру жуырда КТК көрерменіне бұйырмақ.