Мамандардың пікірінше, күнделікті тағам рационында жаңғақ немесе оның майы болса, ол ісіктің бетін қайтарады. Зерттеу жүргізген ғалымдар 18 апта бойы тышқандарға жаңғақ пен оның майын беріп тұрған.
Анықталғандай: обырдың алдын алумен қатар, жаңғақ холестерин мөлшерін азайтатыны, диабеттің де алдын алатыны белгілі болды. Жаңғақтың құрамында көптеген пайдалы дәрумендер, сондай-ақ омега-3 қышқылы бар. Ал бұл қышқыл жүрек ауруы мен кеуде обырынан сақтайды, деп жазады шетелдік БАҚ.