Президент Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Президент Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевпен және Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес  агенттігі төрағасы Қайрат Қожамжаровпен кездесті.

  • 18 Қараша 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Президент үкімет тарапынан мемлекеттік қызметкерлердің таза әрі адал жұмыс істеуіне қажетті жағдайдың бәрі жасалып жатқанын атап көрсетті.
«Бүгінде олар материалдық жағынан да, әлеуметтік жағынан да қамтамасыз етілген. Сондықтан олардан адал қызметімен үлгі болуды, заңды сақтауды талап етуге хақымыз бар. Мұның әсіресе, елімізде «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасын жүзеге асырғалы жатқан шақта маңызы арта түспек. Жоспар шеңберінде мемлекет орасан зор қаржы жұмсайды. Сондықтан бас прокуратура мен агенттікке «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырамын»,  — деді мемлекет басшысы.
Кездесу соңында президент ведомстволардың басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.