Елеусізовтің айтуынша, ол Жасылдар партиясын осыдан ширек ғасыр бұрын құруды көздеген. Бірақ ол кезде қолдау таппаған екен. Ал енді экологиялық жағдай нашарлай түскен тұста жақтастары көбейетініне сенімді. Сондықтан қоғамдық ұйым ретінде емес, саяси партия болып, табиғатқа араша түспек. Партия өз мүшелерінің жарнасы арқылы күн көреді деп жоспарланған.
Мэлс Елеусізов, Жасылдар партиясының тіркеу жұмысын ұйымдастыру комитетінің төрағасы:
– Қандай партия болса да, оның көп мәселелері болады. Жалғыз табиғатты айтпаймыз біз, әлеуметтік мәселелер, жастардың мәселесі, әйелдердің мәселесі, экономика. Барлық партиялар уақытша партиялар. Сайлау кезінде ғана ашылады олар. Әр партия күнде істеу керек.