Жантүршігерлік оқиға Ақермен ауылында болған. Ата сақалы ауызына түскен азғын бүлдіршінді зорлап, кейін өлі денесін үйіндегі тоңазытқышта сақтапты. Ал күйеуінің айуандығын әйелі жасырып, тіпті түк білмегенсіп жоғалған бүлдіршінді іздеуге көмектескендей болған. Енді жұбайы да осы қылмысы үшін 5 жылға сотталды. Ал кішкентай баланың өмірін қиған қаскөй екі бірдей баппен айыпталып, өмір бақи бостандық көрмейтін болды.
Айгүл Мәлікова, судья:
-Менің өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын тағайындау себебім. ҚР конституциясының 27 бабында, өздеріңізге белгілі бала мемлекеттің қорғауында болады делінген. Яғни бұл сотталған азамат, адамның тек құқына ғана қол сұғып қоймай, оған зорлық зомбылық көрсетіп, әлемді мойындатқан конвенцияға қарсы шығып отыр.