Мектеп-интернаттағы 2-ші және 9-шы сынып арасындағы 7 бала кешкі астан кейін өздерін нашар сезініпті. Оларды тәрбиешілер бірден жедел жәрдеммен аурханаға жөнелткен. Бүгін интернатта санитарлық тексеріс жүріп, асханадан тиісті сынамалар алынды. Ал ауруханаға жеткізілген балалардың екеуі жай-күйіміз жақсарды деген соң үйлеріне жіберіліпті. Қалған 5 тәрбиеленуші дәрігерлердің қадағалауында.
Зұлфиқар Әбілқасымов, Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
-Балалардың жүрегі айнып немесе температуралары көтерілген жоқ. Қазір оларға диета тағайындалды, денсаулықтары жақсы. Сараптама қортындысы келген соң ғана қандай да бір ем-дом жасалады.