Түркия СІМ Ақтөбедегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия СІМ Ақтөбедегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жариялады

Түркия СІМ Ақтөбедегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жариялады

Түркия Сыртқы істер министрлігі  Ақтөбедегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Қазақстандағы Түркия елшілігінің баспасөз қызметінен.

  • 7 Маусым 2016
  • 334
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның батыс аймағындағы Ақтөбе қаласында 2016 жылғы 5 маусымда белгісіз кісілер тарапынан  аңшылық қару-жарақ сататын екі дүкен мен әскери бөлімге жасалған және салдарынан 3 азамат пен 3 әскери қызметкер қаза тауып, 6 әскери және 3 полиция қызметкері жарақат алған лаңкестік шабуылды қатаң түрде айыптаймыз.

Шабуылда қайтыс болғандарға Алладан рақым тілеп, жақындары мен бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтамыз. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз.

Бөлместен жазықсыз жандардың қанын төккен осы жантүршігерлік оқиға бізге халықаралық терроризмнің тамырына балта шабу мақсатында әлемдік қоғамдастықтың толық тілектестік пен ынтымақтастық ішінде болуы қажеттілігін тағы бір рет көрсетті. Ұзақ жылдардан бері лаңкестікке қарсы күресіп, сол күресін әлі күнге дейін жалғастырып келе жатқан еліміз Қазақстанның лаңкестікпен күресі жолында ынтымақтаса әрекет етуге дайын», — деп жазылған хабарламада.