Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады

 

  • 27 Шiлде 2016
  • 872
Фото - Caravan.kz

Жақсылыққа жаны құмар әнші Заттыбек Көпбосынұлы зәулім үйінің қасындағы дүкенін ауылдастарына намазхана ретінде сыйға берді, деп хабарлайды Ойшоғыр порталы. Енді ауылдастары бұл дүкенге тауар алу үшін емес, намаз оқу үшін келетін болады.

20160725_192046

20160725_192534

ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек алғашқылардың бірі болып намазханада намаз оқып, игі іске разылығын білдіріп алғысын айтты. Имам намазханаға арнайы ұстаз бекітіп берді. Енді бұл намазханада ауыл балалары құран оқып, имандылықпен сусындайтын болады. Ата-ананы сыйлау, отанды сүю, көркем мінез тақырыбында тұрақты түрде сабақтар өтіп тұрады.

13839769_1013063425477751_260630866_o

20160726_144454

20160726_144412

Жұмыс істеп, саудасы қызып тұрған дүкенді намазханаға айналдырғанын Заттыбек Көпбосынұлы: « Алла маған өнер берді, сол өнер арқылы ризығымды молайтты. Екі қабатты зәулім үй салдым. Бұл намазхана менің Аллаға деген шүкірлігім. Біздің мөлтек ауданға мешіт сәл алыстау. Жаяу жүріп бір сағатта барасың. Осындағы ақсақалдар, балалар қиналып қалмасыншы, жиналып намаз оқитын, рухани әңгіме айтатын жері болсыншы деген ниет еді. Арнайы ұстаз бекітілді. Енді балалар осы намазханадан бабалар ұстанған асыл діннің негіздерін үйреніп, иманды болып өссе мен үшін сол үлкен бақыт. Осы уақытқа дейін де дүкенсіз өмір сүрдім ғой, бұдан кейін де Алла өзі жеткізеді» — дейді.

20160726_153134

20160726_153320

20160726_153453

20160726_153546
Ақсақалдар ақ батасын беріп, көршілер: «Жаны жайсаң, қолы ашық Заттыбек Көпбосынұлының бұл ісі нағыз азаматтық, тұлғалық. Аман жүрсін, өмірілі берекелі болсын» — деп ақ тілегін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ел болашағының баяндылығына сөзбен емес іспен атсалысып жүрген Заттыбек Көпбосынұлыдай азаматтар көп болсын!