Назарбаев ресми сапармен Жапонияға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев ресми сапармен Жапонияға барады

Назарбаев ресми сапармен Жапонияға барады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

  • 5 Қараша 2016
  • 602
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияда болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Токиода Жапонияның императоры Акихитомен, премьер-министр С.Абэмен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және "Токай" университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық саябағында болып, "Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы" арнаулы атағын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысады.