“Болашақ” бағдарламасымен оқып жүріп жоғалып кеткен студент табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Болашақ” бағдарламасымен оқып жүріп жоғалып кеткен студент табылды

“Болашақ” бағдарламасымен оқып жүріп жоғалып кеткен студент табылды

АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүріп, жоғалып кеткен студент Ержан Еліков табылды. Бұл туралы "Халықаралық бағдарл

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 1295
Фото - Caravan.kz

АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүріп, жоғалып кеткен студент Ержан Еліков табылды. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешов мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Мелдешовтің айтуынша, студентке қатысты нақтыланбаған ақпарат тараған және баламен әкесі хабарласа алмай отырған. Қазір оның қайда тұратыны және ұялы телефон нөмірі әкесіне табысталды.

Еске салсақ, осыған дейін "Болашақпен" Америкаға оқуға кеткен қазақстандық студенттің жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын. Ол соңғы рет 2011 жылы оқуын бітіруге бір ай қалғанда хабар-ошарсыз кеткен.


Елібековтың әкесі сан мәрте тиісті орындарға жазған көрінеді. АҚШ-қа өздері іздеп баруға қаржы қолбайлау болған.

Соңғы жаңалықтар