Беларусьте ҚР елшілігінің есепшісі тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусьте ҚР елшілігінің есепшісі тұтқындалды

Беларусьте ҚР елшілігінің есепшісі тұтқындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Беларусь Республикасындаңы Қазақстан елшілігінің аға есепшісін ұстады, - деп хабарлайд

  • 5 Қаңтар 2017
  • 648
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Беларусь Республикасындаңы Қазақстан елшілігінің аға есепшісін ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық бюро мәліметінше, Сейдуалиев 2012-2015 жылдар аралығында 207 000 доллар көлемінде бюджет қаражатын жымқырған. Ол "Активбизнесплюс" ғимаратын салған бас мердігерге ақшалар төлденді деген кассалық ордерлердің шығынына қатысты құжаттарды жалған дайындаған.

"Сондай-ақ, Сейдуалиев осы уақыт бойы елшілікке Беларусь Республикасының салық органдарынан қосымша құн салығы ретінде қайтарылған 474 883 доллар көлеміндегі қаражатты жымқырған. Бас есепшінің жымқырған қаражатының жалпы сомасы — 681 883 доллар", — деді баспасөз қызметіндегілер.


Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ол Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі терегу жұмыстары жалғасып жатыр.