Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің халыққа есеп беру кездесуінің алдында бірнеше белсендімен бірге осы кездесуді болдырмауға тырысқан Дильнар Инсенова ұсталды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы әкімінің есеп беру кездесуінің алдында Дильнар Инсенова есімді азаматша ұсталды. Ол өзінің банктегі несие қарызы бойынша жеке проблемасын шешу үшін бірнеше адаммен бірігіп, осы іс-шараны болдырмауға тырысты", — деді Алматы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, Дильнар Инсенованың Алматы қалалық ІІД қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылық көрсетіп жатқанда ұсталғаны айтылады. Ұсталған әйел аудандық ІІБ-ге жеткізілді.
"Қала мен облыс әкімдерінің халықпен кездесуінің мақсаты тұрғындарға әлеуметтік-экономикалық мәселердің қорытындысы жайлы хабарландыру. Мұндай іс-шараларда бірінші кезекте қоғамдық тәртіпке ерекше назар аударылады", — деді әкімнің баспасөз қызметіндегілер.