Қазақстан Ислам ынтымақтастық ойындарында 19 медаль алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ислам ынтымақтастық ойындарында 19 медаль алды

Қазақстан Ислам ынтымақтастық ойындарында 19 медаль алды

Бүгін Бакуде (Әзербайжан) төртінші Ислам ынтымақтастық ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан бұл жарыста екі алтын, бес күміс, он екі қола медальмен жалпы есепте 14-орын алды.

  • 22 Мамыр 2017
  • 269
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Боксшы Азат Махметов пен Тұрсынбай Құлахмет чемпион атанса, Айнұр Есбергенова, Әлімжан Серікбаев (екеуі де – таэквондо), Жандос Исмаилов, Даулет Шабанбай (екеуі де– еркін күрес), Жәмила Бақбергенова (әйелдер күресі) финалда жеңілді.

Гүлдана Әлмұханбетова, Еламан Ерғалиев (екеуі де– дзюдо), Жансель Дениз (таэквондо), Қуан Қуатов, Сұлтан Заурбек, Илья Очкин (үшеуі де – бокс), Ілияс Жұмай, Болат Сақаев, Мамед Ибрагимов, Әділет Давлумбаев (үшеуі де — еркін күрес), Айгүл Нұралым, Зарина Кұнанғараева (екеуі де – әйелдер күресі) қола медаль иеленді.

Бакудегі Ислам ойындарына Қазақстаннан 32 спортшы қатысты. Жалпы есепте 152 медаль алған Әзербайжан (74 алтын, 46 күміс, 32 қола) бірінші орын алды. Екінші орынды Түркия (68-63-54), үшінші және төртінші орындарды Иран (30-26-33) мен Өзбекстан (15-17-30) иеленді.