"Болашақ" бағдарламасындағы шу: стипендия иегерлеріне тіл тигізіпті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Болашақ" бағдарламасындағы шу: стипендия иегерлеріне тіл тигізіпті

"Болашақ" бағдарламасындағы шу: стипендия иегерлеріне тіл тигізіпті

Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері басшыларына шағымданып, арыз жазды

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. "Болашақ" президенттік білім беру бағдарламасын басқаратын "Халықаралық бағдарламалар орталығында" шу шығайын деп тұр. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға, білім және ғылым министрлігіне арыз жазып, оны БАҚ көздерінде жариялады. Олар бұған Орталықтың топ-менеджментін, оның ішінде басшы Жанболат Мелдешов пен оның үш орынбасарын айыптап отыр.

  • 23 Мамыр 2017
  • 544
Фото - Caravan.kz

Бес беттен тұратын арызда "Болашақ" бағдарламасының түлектері, қазір Орталықта жұмыс істейтін қызметкерлер айтып өткендей, басшы "өз адамдарына орын босату үшін қажетсіз қызметкерлерді" жұмыстан шығуға мәжбүрлейтін көрінеді. Сондай-ақ, арызда Орталық басшылығы тарапынан жасалып отырған бірқатар құқықбұзушылықтар көрсетілген. Қызметкерлер тергеу жүргізіп, Мелдешовті жұмыстан босатуды сұрайды. Арызға 25 адам қол қойған. Олар Орталықта өткен жиналыста "Болашақ" стимендиясы иегерлеріне тіл тигізген басшылардың бірінің видеосын халық назарына ұсынды. Ол бейнедегі басшы, қызметкерлердің айтуынша, Жанболат Мелдешовтің өзі екен.


Білім министрі Ерлан Сағадиев мәлімдегендей, ведомство бұл мәселемен айналысады.

"Мәселенің басын ашып алғанымыз жөн, ішкі тергеу жүргізіп, тиісті шараларды міндетті түрде қолданамыз. Арыз болғандықтан, қалай да жауап береміз. Шара қолданылған соң, тағы да хабарлаймыз", — деді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Sputnik Қазақстан агенттігіне.