Азияда 170 миллион әйел жетіспейді. БҰҰ дабыл қағуда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азияда 170 миллион әйел жетіспейді. БҰҰ дабыл қағуда

Азияда 170 миллион әйел жетіспейді. БҰҰ дабыл қағуда

Азия құрлығында әйелдер дефициті байқалып отыр. БҰҰ деректері бойынша Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінде кемінде 170 м

  • 20 Тамыз 2017
  • 375
Фото - Caravan.kz

Азия құрлығында әйелдер дефициті байқалып отыр. БҰҰ деректері бойынша Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінде кемінде 170 млн әйел жетіспейді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

"Бұл аймақта адамдар балаларының ұл болғанын дұрыс көреді. Ұйымның мәліметі бойынша, әйелдер жетіспеушілігіне негізгі себеп осы. Бұрын онда қыздарды тастап кететін немесе тіпті өлтіріп тастайтын. Ал ультра дыбыстық тексеру пайда болғалы бері селективті аборт қолданыла бастады. БҰҰ бұл тәжірибеге дискриминация және зорлық-зомбылық ретінде қарсы шығып отыр" деп жазады ұйымның сайты.

Баланың жынысына қарай аборт жасату әлемдегі халық саны ең көп екі ел Қытай мен Үндістанда жыныстық тепе-теңдіктің айтарлықтай бұзылуына себеп болды. Мұндай жағымсыз үрдіс Азияның басқа елдерінде, сонымен қатар Кавказда да байқалып отыр. Мысалы, Кавказда әр 100 қызға 130 ұлдан келеді. БҰҰ сарапшылары мемлекеттік органдарды мұндай дәстүрмен күресуге шақырады.

«Жынысы бойынша ұлды таңдау – әйелдердің кең таралған мәдени, саяси және экономикалық теңсіздігінің белгісі және олардың құқығын өрескел бұзу. Өмірге бала келсін деген талаптың кесірінен әйелдер зор қысымға ұшырап отыр. Мұндай жағдайда қыз туған әйелдер зорлыққа, ажырасуға тап болады, тіпті өлтіріледі» дейді БҰҰ Адам құқығы басқармасының баспасөз хатшысы Руперт Колвилл.

«Осындай қысымға ұшыраған әйелдер үшін УДЗ (узи – ред.) жақсы сый болды. Енді жүкті әйелдер аборт жасау арқылы өзін де құтқаруға, некені де сақтап қалуға мүмкіндік алды. Ал іште жатқан кезде алдырып үлгермеген әйелдер қыздарын дұрыс тамақтандырмайды, дәрігерге уақытында апармайды, екпе жасатпайды. Осылайша оның аман-есен өсу мүмкіндігін барынша төмендетеді» деп хабарлайды БҰҰ.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас сарапшысы Клаудиа Морена Эстеваның пікірі бойынша, жыныстық тепе-теңдік бұзылу айқын байқалатын елдер қатарына Әзірбайжан мен Армения да кіреді.

БҰҰ болжамы бойынша, 2030 жылға қарай Қытай мен Үндістанда 20-49 жас аралығындағы 20 миллион әйел жетіспейтін болады. Ал қытай демографтарының есебіне қарағанда, 10-20 жылдан кейін бұл елде әр бесінші еркек амалсыз бойдақ қалады.

Руперт Колвилл мұның әлеуметтік салдары қиын болатынын айтады.

«Мысалы, қалыңдық жетіспегендіктен әлемнің аймақтарынан қыз импорттау, зорлап үйлендіру мақсатында адам сату проблемасы туындайды. Немесе бірнеше ағайындының бір әйел алу тәжірибесі пайда болуы мүмкін» дейді ол.